Skip to content

Балабақшада қауіпсіз орта қалыптастыру және экологиялық тәрбие беру

«Балабақшада қауіпсіз орта қалыптастыру және экологиялық тәрбие беру» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.

Кеңестің мақсаты – балалардың өмірін қорғау, денсаулығын нығайту, салауатты өмір салты негіздерін қалыптастыру, қауіпсіздік дағдыларын меңгерту, сондай-ақ экологиялық тәрбие берудің тиімді құралдарын талдау еді.

Педагогтар жас ерекшеліктеріне сай жүргізген эксперименттік жұмыстарын таныстырып, тәжірибе алмасу алаңы ұйымдастырылды. Әр тәрбиеші балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, табиғатты аялауға баулу және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау бағытындағы өз әдістерін ұсынды.

Педагогикалық кеңес нәтижесінде ортақ тәжірибелер сараланып, алдағы жұмыс бағыттары айқындалды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *