Skip to content

Ашық есік күні

Бүгін балабақшамызда Ашық есік күні өткізілді. Шара барысында балабақшадағы 12 топтың жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылған оқу қызметтері ата-аналар назарына ұсынылды. Тәрбиешілер балалардың меңгерген білім, білік және дағдыларын жан-жақты көрсетіп, оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін дәлелдей білді.

Іс-шара аясында ата-аналар балаларының қатысуымен өткен оқу қызметтерін тамашалап қана қоймай, өздері де белсенділік танытты. Олар іс-әрекет барысындағы әсерлерімен бөлісіп, жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізді. Сонымен қатар, ата-аналар түрлі топтық шығармашылық жұмыстар орындап, жағымды эмоциялар мен ұмытылмас сәттерге бөленді.

Ашық есік күні – ата-ана мен балабақша арасындағы өзара байланысты нығайтып, ынтымақтастықты арттырған маңызды әрі мазмұнды күн болды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *