Skip to content

МКҚК #92 “Жауқазын” балабақшасы “Шаңырақ” күні- ата-аналар мен балабақша арасындағы тығыз байланыс пен бірлікті нығайтатын ерекше мереке.

МКҚК #92 “Жауқазын” балабақшасы “Шаңырақ” күні- ата-аналар мен балабақша арасындағы тығыз байланыс пен бірлікті нығайтатын ерекше мереке. Осы күнге орай балабақша педагогтары ата-аналардың үйлеріне арнайы барып, ізгі тілектерін білдірді. Бұл игі бастама ата-аналар мен балабақша арасындағы өзара құрмет пен сенімділікті арттырып балалардың тәрбиесі мен дамуына үлкен үлес қоспақ.
Өз кезегінде ата-аналар да балабақша ұжымына жүрекжарды тілектерін арнап, педагогтардың еңбегіне ризашылықтарын білдірді. Осындай жылы қарым-қатынас пен ортақ мақсат- балғындарымыздың болашағын жарқын етуіне септігін тигізеді. ”Шаңырақ” күні құтты болсын! Отбасыларымыз аман, балабақшамыз берекелі, ұрпағымыз өнегелі болсын!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *