Skip to content

Ойын жаттығулар арқылы ерекше білімді қажет ететін балалардың ойлауы мен танымдық және шығармашылық деңгейін дамыту

Бүгін №92 “ Жауқазын” балабақшасында мектепке дейінгі арнайы және инклюзивті білім беру педагогтері қауымдастығының жұмысы аясында логопед, дефектолог арнайы педагогтарына ұйымдастырылған қалалық семинар өтті.

Семинарымыздың тақырыбы: “Ойын жаттығулар арқылы ерекше білімді қажет ететін балалардың ойлауы мен танымдық және шығармашылық деңгейін дамыту”.

Мақсаты:
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ойлау және танымдық қабілеттерін дамыту қазіргі білім берудің маңызды және өзекті міндеті болып табылады. Бұл балалар өздерінің әлеуетін толық ашуға мүмкіндік беретін ерекше тәсілдер мен оқыту әдістерін қажет етеді.
Оқыту ойындары мен жаттығуларын қолдану бұл балалардың ойлау және танымдық белсенділігін ынталандырудың тиімді құралы бола алады. Ойын – білім мен дағдыларды дамытатын бала әрекетінің табиғи түрі.
Балалардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып таңдалған ойындар оқу процесін қызықты және тиімді етуге көмектеседі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *