Skip to content

Педагогикалық кеңес: Ерекше білімді қажет ететін балалардың қызығушылығын ойын арқылы арттыру

Бүгін балабақшамызда ерекше білімді қажет ететін балалардың танымдық қызығушылығын ойын арқылы дамытуға арналған педагогикалық кеңес өтті.

Кеңес барысында педагогтар екі топқа бөлініп, тәжірибелік бағытта жұмыс жүргізді. Бірінші топ – табиғатпен байланысты ойын түрлері арқылы балалардың қызығушылығын арттыру жолдарын ұсынды. Екінші топ – арнайы мамандармен бірлесе отырып, балаларға арналған дамытушы ойындар үлгісін көрсетіп, тиімді әдіс-тәсілдерді ортаға салды.

Іс-шара шығармашылықпен ұйымдастырылып, әр педагогтың тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді. Балалардың қажеттілігіне бағытталған ойын түрлерін қолдану – сапалы білім мен жан-жақты дамудың кепілі екенін тағы бір дәлелдеді.

Педагогтарымызға белсенді қатысқандары үшін алғысымызды білдіреміз! Бірлескен жұмыс – үлкен жетістікке бастар жол!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *